Құпиялық саясаты

Күшіне ену күні: 1 желтоқсан, 2020

Македония университетінің Білім және әлеуметтік саясат бөлімі, 156 Egnatia Str., P.C.54636, Thessaloniki, Грекия («біз») http://www.fastheroes.com веб-сайтын (әрі қарай — «Қызмет») басқарады.

Бұл бетте сіз біздің Қызметімізді пайдаланған кезде жеке деректердің жиналуына, пайдаланылуына және ашылуына қатысты саясаттарымыз және сол деректермен байланыстырған таңдауларыңыз туралы хабарланады.

Кез келген жағдайда, біз сіздің жеке деректеріңізді қолданыстағы деректерді қорғау және құпиялық туралы заңдарға (яғни, Деректерді қорғау туралы жалпы ережелер — GDPR) сәйкес өңдейміз.

Біз сіздің деректеріңізді Қызметті қамтамасыз ету және жақсарту үшін пайдаланамыз. Қызметті пайдалану арқылы, сіз ақпараттың осы саясатқа сәйкес жиналуына және пайдаланылуына келісесіз. Осы Құпиялық саясатында басқаша көрсетілмеген болса, бұл Құпиялық саясатында қолданылған терминдердің мағыналары мына мекенжай арқылы қолжетімді болған Шарттар мен талаптардағы мағыналарымен бірдей: http://www.fastheroes.com

Анықтамалар

Қызмет

Қызмет — Македония Университетінің Білім және әлеуметтік саясат бөлімі («біз») басқаратын және соның меншігі болып табылатын http://www.fastheroes.com веб-сайты, Университеттің мекенжайы: 156 Egnatia Str., P.C.54636, Салоники, Грекия.

Жеке деректер

Жеке деректер қандай да бір тұлғаның жеке басын анықтайтын деректерді (немесе біздің қолымыздағы не қолымызға түсуі мүмкін сондай ақпаратты) білдіреді.

Пайдалану туралы деректер

Пайдалану туралы деректер — Қызметті пайдалану арқылы немесе Қызметтің инфрақұрылымының өзінен (мысалы, парақшаға кіру ұзақтығы) құрылып, автоматты түрде жиналған деректер.

Cookie файлдары

Cookie файлдары — сіздің құрылғыңызда (компьютерде немесе мобильді құрылғыда) сақталған шағын файлдар.

Деректердің басқарушысы

Деректердің басқарушысы — жеке ақпараттың өңделу мақсаттары мен тәсілін анықтайтын жеке не заңды тұлға (жеке өзі немесе басқа біреулермен ортақ түрде).

Осы Құпиялық саясатының мақсаты аясында біз сіздің жеке деректеріңіздің Дерек басқарушысы болып табыламыз.

Дерек өңдеушілері (немесе Қызмет провайдерлері)

Дерек өңдеушілері (немесе Қызмет провайдерлері) Дерек басқарушысының атынан деректерді өңдейтін кез келген жеке не заңды тұлғаны білдіреді.

Біз сіздің деректеріңізді тиімдірек өңдеу үшін әртүрлі Қызмет провайдерлерінің қызметтерін пайдалана аламыз.

Деректер субъектісі (немесе Пайдаланушы)

Деректер субъектісі — біздің Қызметімізді пайдаланатын және Жеке деректердің субъектісі болып табылатын кез келген жеке тұлға.

Ақпаратты жинау және пайдалану

Біз сізге Қызметті қамтамасыз ету және оны жақсарту үшін әртүрлі мақсаттарда ақпараттың бірнеше түрін жинаймыз.

Жиналатын деректердің түрлері

Жеке деректер

Біздің Қызметімізді пайдаланған кезде, сізбен байланысу немесе сіздің жеке басыңызды ашу үшін пайдалануға болатын белгілі бір жеке ақпаратты беруіңізді сұрауымыз мүмкін. Жеке басты ашатын ақпаратқа мыналар жатады, бірақ бұлармен шектелмейді:

  • Электрондық пошта мекенжайы
  • Атыңыз бен тегіңіз
  • Мекенжай, штат, провинция/облыс, пошталық индекс, қала
  • Cookie файлдары мен пайдалану туралы деректер

Біз сіздің жеке деректеріңізді ақпараттық бюллетеньдер, маркетингтік немесе жарнамалық материалдар және сізді қызықтыруы мүмкін басқа да ақпарат жайында сізбен байланысу үшін пайдалана аламыз. Жазылымнан бас тарту сілтемесіне өту немесе біз жіберетін электрондық поштада берілген нұсқауларды орындау арқылы бізден осы хабарламалардың қандай да бірін немесе барлығын алудан бас тартуыңызға болады. Заңды негіз — Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6 (1) b) тармағы.

Пайдалану туралы деректер

Сонымен қатар, біз Қызметке қалай қатынас жасалатыны және оның қалай пайдаланылатыны туралы ақпаратты жинай аламыз («Пайдалану деректері»). Бұл Пайдалану деректері компьютеріңіздің Интернет протоколының мекенжайы (мысалы, IP мекенжайы), браузер түрі, браузер нұсқасы, сіз кірген Қызмет беттері, кіру уақыты мен күні, сол беттерде жұмсалған уақыт, бірегей құрылғы идентификаторлары және басқа да диагностикалық деректер сияқты ақпаратты қамтуы мүмкін. Біз бұл деректерді сізге біздің веб-сайтымызды пайдалануға мүмкіндік беру үшін және қажет болған жағдайда нормативтік-құқықтық ережелерді, біздің пайдалану шарттарын және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзған жағдайда өзіміздің және үшінші тараптың құқықтарын қарап шығу және қорғау үшін пайдаланамыз. Заңды негіз — Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6 (1) b) тармағы. Журнал файлдары тиісті мақсаты үшін қажет болғанша сақталады, әдетте 14 күннен аспайды.

Cookie деректерін қадағалау

Біз cookie файлдары мен оларға ұқсас қадағалау технологияларын Қызметіміздегі іс-әрекеттерді қадағалау үшін пайдаланамыз және біз нақты бір ақпаратты сақтаймыз.

Cookie файлдары — анонимді бірегей идентификаторды қамтуы мүмкін болған деректердің кішігірім мөлшерін қамтитын файлдар. Cookie файлдары веб-сайттан браузеріңізге жіберіледі және құрылғыңызда сақталады. Ақпаратты жинау және қадағалау және Қызметімізді жақсарту және талдау үшін маяктар, тегтер және сценарийлер сияқты басқа қадағалау технологиялары да қолданылады.

Браузерге барлық cookie файлдарынан бас тартуды немесе қандай да бір cookie файлы жіберілген кезде хабарлауды нұсқауыңызға болады. Алада, егер cookie файлдарын қабылдамасаңыз, Қызметіміздің кейбір бөліктерін пайдалана алмауыңыз мүмкін.

Біз пайдаланатын cookie файлдарының мысалдары:

1.3.1 Негізгі cookie файлдары

Негізгі cookie файлдары веб-сайттың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Мұндай cookie файлдары бетті шарлау және веб-сайттың қауіпсіз аймақтарына не тіл параметрлеріне қатынасу сияқты негізгі функцияларды қамтамасыз ету арқылы веб-сайтты пайдалану мүмкіндігін береді. Олар веб-сайттың жұмыс істеуі үшін маңызды болғандықтан, мұндай cookie файлдарынан бас тарта алмайсыз. Біз жеке деректерді өңдеу кезінде Деректерді өңдеу туралы жалпы ережелердің 6 (1) b тармағына сүйенеміз, ол біздің қызметтеріміздің келісім шарты болып табылады. 

Осы веб-сайтты қамтамасыз ету үшін, біз қолданатын негізгі cookie файлдары мынадай cookie файлдарын қамтиды:

  • қандай да бір пайдаланушының Java Script пайдаланып-пайдаланбайтынын анықтайтын, 
  • пайдаланушы сайтты шарлаған кезде кірушіге бірнеше серверден контент алуына мүмкіндік беретін,
  • пайдаланушының Cookie баннеріндегі қандай да бір санатты қабылдап-қабылдамағанын анықтайтын,
  • барлық бет сұраулары үшін пайдаланушының күйін сақтайтын cookie файлдары.

Сеанстық cookie файлдары: Сеанстық cookie файлдары сіз кіретін әрбір жаңа аймақты аутентификациялаусыз немесе қайта өңдеусіз қандай да бір сайттың көптеген беттерін жылдам әрі оңай шарлауға мүмкіндік береді. Сеанстық cookie файлдары бір не бірнеше уақытша cookie файлының тіркемесі болып табылады, олар сіз браузеріңізді жапқан кезде өшіріледі. Браузерді қайта іске қосып, cookie файлын жасаған сайтқа оралған кезде веб-сайт сізді танымайды. Жүйеге қайта кіруіңіз қажет (егер кіру қажет болса) немесе сайт осы мүмкіндіктерді пайдаланса, қалауларыңызды/тақырыптарды қайта таңдауыңыз керек.  

Мақсатты топ: Бұл веб-сайттың басқа «нұсқасын» көргісі келген пайдаланушылардың белгілі бір топтарына (мысалы, HCP, жалпы қоғам немесе мұғалімдер) белгілі бір контенттің көрінуін анықтауға арналған арнайы cookie файлы. Ол веб-сайтта қай аудиторияның қай контентті көре алатынын анықтайды. Мысалы, егер контентте қандай да бір белгілі мектепке немесе класқа қатысты ақпарат болса және оны көпшілікке көрсетпей, мұғалімдер аудиториясы ғана көру қажет болса, бұл мазмұн тек өзін мұғалім ретінде белгілеген пайдаланушыларға ғана көрінеді.

Біз пайдаланатын негізгі cookie файлдарының әрекет ету мерзімі тиісті сеанстан бастап бір жылға дейін созылады. 

1.3.2 Веб-сайтты оңтайландыруға арналған cookie файлдары

Сіздің келісіміңіз негізінде (GDPR 6 (1) a тармағы) біз cookie файлдарын веб-сайттарымыздың тиімдірек жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ пайдалануыңыз туралы ақпарат пен статистиканы алу мақсатында келесі кірулерде құрылғыңызды тану үшін пайдаланамыз. Келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуыңызға болады, бұл сізге болашақта ешқандай зиян не әсер тигізбейді. Ол үшін осы жерде параметрлерді өзгертіңіз. 

1.3.3 Маркетингтік cookie файлдары

Біз басқа веб-сайттарда пайдаланушыларды қадағалауға мүмкіндік беретін маркетингтік cookie файлдарын жеке пайдаланушыға сәйкес келетін және оны қызықтыратын жарнамаларды көрсету үшін пайдаланамыз. Біз бұл өңдеуді сіздің келісіміңізге негіздейміз (GDPR 6 (1) a тармағы), келісіміңізді кез келген уақытта параметрлеріңізге зиян келтірместен, болашақ әсерімен осы сілтеме бойынша қайтара аласыз.

Біз үшінші тараптық провайдерлердің келесідей қызметтерін пайдаланамыз:

Facebook және Instagram (Facebook Pixel):

Біз сізге Facebook және Instagram платформаларында өзіміздің және үшінші тараптардың дербестендірілген жарнамаларын көрсету үшін негізгі нұсқадағы Facebook Pixel құралын пайдаланамыз. Facebook және Instagram қызметтерін Facebook Ireland Ltd (мекенжайы: 4 Grand Canal Square, Grand Canal Harbour, Dublin 2 Ирландия) («Facebook») басқарады.

Осы мақсатта, біз Facebook-ке біздің веб-сайттағы пайдаланушы әрекетіңіз туралы ақпаратты және белгілі бір басқа жеке деректерді (мысалы, пайдаланушы идентификаторы) пиксель арқылы береміз. Бұл деректерге http қалпақшалары (мысалы, сіздің IP мекенжайыңыз бен браузеріңіз туралы ақпарат) және басу деректері (мысалы, біздің веб-сайтымызда басылған түймелер, сондай-ақ олардың сипаттамалары және кірген веб-беттер) кіреді, бірақ бұлармен шектелмейді. Бұл біздің веб-сайтымыздың пайдаланушылары Facebook немесе Instagram әлеуметтік желісіне немесе осы функцияны пайдаланатын басқа веб-сайттарға кірген кезде оларға қызығушылыққа негізделген жарнамаларды («Facebook жарнамалары»/«Instagram жарнамалары») көрсетуімізге және веб-сайтымызды сіз үшін қызығырақ етуімізге мүмкіндік береді.

Пайдаланылған маркетинг құралдарының арқасында браузер автоматты түрде Facebook серверімен тікелей байланыс орнатады. Біз Facebook жинаған деректердің көлеміне және одан әрі пайдалануына ешқандай ықпал тигізе алмаймыз. Facebook Custom Audiences интеграциясы арқылы Facebook біздің онлайн ұсыныстарымыздың бірін ашып, оны қарағаныңыз туралы ақпаратты алады немесе біз көрсеткен жарнаманы басқаныңызды біледі. Егер сіз Facebook қызметтерінің бірінде тіркелген болсаңыз, Facebook сіздің кіру әрекетіңізді сіздің тиісті жеке есептік жазбаңызға тағайындай алады. Сіз Facebook-те тіркелмеген болсаңыз да немесе жүйеге кірмеген болсаңыз да, провайдер сіздің IP мекенжайыңызды және тағы басқа идентификаторларды тауып, сақтауы мүмкін. Facebook пикселі статистикалық және нарықты зерттеу мақсатында Facebook жарнамаларының тиімділігін өлшеуге, бағалауға және оңтайландыруға мүмкіндік береді. Біз Facebook-тен тек анонимді есептерді аламыз.

Жүйеге кірген пайдаланушылар үшін Facebook Custom Audiences («Facebook пайдаланушы аудиториялары») функциясын www.facebook.com/settings/ (сыртқы сілтеме) арқылы өшіруге болады. Facebook-тің осы деректерді жинауы және пайдалануы және құпиялығыңызды қорғау жөніндегі құқықтарыңыз бен таңдауларыңыз туралы толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, Facebook-тің Құпияық саясатын (https://www.facebook.com/privacy/explanation (сыртқы сілтеме)) қараңыз. Facebook пикселін пайдалануға берген келісіміңізді мына сілтеме арқылы кез келген уақытта қайтарып алуыңызға болады: https://www.facebook.com/login.php?next=https://www.facebook.com/ads/preferences/?entry_product=ad_settings_screen (сыртқы сілтеме). Мұны істеу үшін Facebook немесе Instagram жүйесіне кіруіңіз керек. Facebook деректерін өңдеу туралы қосымша ақпарат алу мына сілтеме бойынша өтіңіз: www.facebook.com/about/privacy (сыртқы сілтеме).

Twitter (конверсия тегі):

Сонымен қатар біз веб-сайтымызға Twitter қызметінің ремаркетинг функциясын қостық. Ол Twitter Inc., (мекенжайы: 1355 Market Street, Suite 900, San Francisco, CA 94103, АҚШ) компаниясы қамтамасыз етеді. Twitter ремаркетинг функциясы арқылы біз сізге Twitter платформасында қызығушылықтарыңызға негізделген жарнамаларды ұсына аламыз. Осы мақсатта Twitter «тегтер» деп аталатын нәрселерді пайдаланады. Бұл тег біздің веб-сайтқа кіруді, сондай-ақ пайдалану деректерін (мысалы, сілтемелерді басу, ретвиттер немесе ұнатулар сияқты көрсетілетін жарнамаға қатысты барлық әрекеттесулер) псевдонимді түрде, адамдардың жеке басын ашпайтындай етіп жазу үшін қолданылады. Егер сіз кейіннен Twitter-ге кірсеңіз, қызығушылықтарыңыздың негізінде интеграцияланған жарнамалар көрсетіледі. Содан кейін Twitter сіздің браузеріңізден біздің веб-сайтымызға сіздің құрылғыңыз арқылы кірілгені туралы ақпаратты алады. Егер сіз Twitter қызметінде тіркелген болсаңыз, Twitter сіздің есептік жазбаңызға жасалған кіру әрекетін тағайындай алады. Сіз Twitter-де тіркелмеген болсаңыз да немесе жүйеге кірмеген болсаңыз да, провайдер сіздің IP мекенжайыңызды және басқа идентификаторларыңызды біліп, сақтауы мүмкін. Біздің қызметтерді пайдалануыңыз туралы тегтер арқылы жасалған ақпарат АҚШ-тағы Twitter серверіне тасымалданады және сонда сақталады. 

Бұл мүмкіндікті Twitter-де өшіру туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://help.twitter.com/de/safety-and-security/privacy-controls-for-tailored-ads. Twitter-дің деректерді өңдеуі туралы қосымша ақпарат алу үшін, мына бетке өтіңіз: https://twitter.com/de/privacy.

LinkedIn (Insight-Tag):

Біз сондай-ақ LinkedIn Insights Tag арқылы веб-сайтымызда конверсияны қадағалау әдісін қолданамыз, бұл — LinkedIn Ireland (мекенжайы: Wilton Plaza, Wilton Place, Dublin 2, Ирландия) қамтамасыз ететін құрал. Осы мақсатта біздің веб-сайтымызда LinkedIn Insight тегі интеграцияланған және LinkedIn тарапынан сіздің құрылғыңызға cookie файлы орнатылған. LinkedIn біздің веб-сайтымызға кіргеніңіз туралы хабарландырылады және сіздің IP мекенжайыңыз жиналады. Уақыт таңбалары мен беттерді қарау сияқты оқиғалар да сақталады. Бұл бізге веб-сайтты үнемі оңтайландырып тұру үшін оны пайдалану статистикасын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, біз сіздің қандай LinkedIn жарнамасы немесе LinkedIn сайтындағы өзара әрекеттесу арқылы біздің веб-сайтымызға келгеніңізді білеміз. Бұл бізге жарнамаларымыздың қалай қаралатынын жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.

Конверсияны қадағалау туралы толығырақ ақпарат алу үшін, https://www.linkedin.com/help/linkedin/answer/67595/linkedin-conversion-trackingubersicht (сыртқы сілтеме) сілтемесіне өтіңіз. LinkedIn деректері тиісті пайдаланушы профилімен байланыстыру мүмкін болатындай етіп сақталуы және өңделуі мүмкін екенін және LinkedIn деректерді өзінің жарнамалық мақсаттары үшін пайдалана алатынын ескеріңіз. Толығырақ ақпарат алу үшін, https://www.linkedin.com/legal/privacy-policy (сыртқы сілтеме) сілтемесіне өту арқылы LinkedIn құпиялық саясатын қараңыз. LinkedIn қызметінің сіздің пайдалану әрекетіңізді талдауына және қызығушылыққа негізделген ұсыныстарды көрсетуіне https://www.linkedin.com/psettings/guest-controls/retargeting-opt-out сілтемесіне өту арқылы тыйым салуыңызға болады. 

Деректерді пайдалану

Біз жиналған деректерді әртүрлі мақсаттар үшін пайдаланамыз:

  • Қызметімізді қамтамасыз ету және жүргізу
  • Сізді Қызметімізге енгізілген өзгерістер туралы хабарландыру
  • Сіз біздің Қызметіміздің интерактивті мүмкіндіктеріне қатысуды таңдаған кезде сізге солай істеуге мүмкіндік беру
  • Тұтынушыларға қолдау көрсету
  • Қызметімізді жақсарту мақсатында талдау деректерін немесе құнды ақпаратты жинау
  • Қызметімізді пайдалануыңызды бақылау
  • Техникалық ақауларды анықтау, олардың алдын алу және оларды жөндеу
  • Егер сіз мұндай ақпаратты алмауды таңдамаған болсаңыз, сізге жаңалықтар мен арнайы ұсыныстарды, сондай-ақ біз ұсынатын және сіз бұрын сатып алғандарға не сұрағандарға ұқсас басқа тауарлар мен қызметтер және оқиғалар туралы жалпы ақпаратты қамтамасыз ету үшін

Деректерді қорғау туралы жалпы ережелерге (GDPR) сәйкес жеке деректерді өңдеудің заңды негізі

Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақтан (ЕЭА) болсаңыз, осы Құпиялық саясатында сипатталған жеке ақпаратты жинау және пайдаланудың заңды негізі біз жинайтын жеке деректерге және біз оларды жинайтын нақты контекстке байланысты. Заңды негіз — Деректерді қорғау туралы жалпы ережелердің 6 (1) b) тармағы.

Біз сіздің жеке деректеріңізді мына мақсаттарда өңдейміз:

  • заңды мүдделерімізді қанағаттандыру, соның ішінде:
    • қандай да бір корпоративтік транзакцияны орындау (мысалы, корпоративтік құрылымды қайта ұйымдастыру, активтерді сату немесе тағайындау, компаниялардың бірігуі); және
    • құқықтарымызды немесе меншiгiмiздi қорғау, пайдалану шарттары мен құқықтық ескертулердi орындау, сондай-ақ құқықтық талаптарды негіздеу, жүзеге асыру және қорғау.
  • құқықтық міндеттемелерімізді, қандай да бір сот бұйрығын немесе басқа да міндетті шешімдерді орындау;
  • сіздің келісіміңізбен басқа мақсаттар үшін, мысалы, ақпараттық бюллетеньге жазылу; бұл жағдайда келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алу мүмкіндігіңіз бар.

Деректерді сақтау

Біз сіздің жеке деректеріңізді осы Құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін қажет болатын мерзім бойы ғана сақтаймыз. Біз сіздің жеке деректеріңізді құқықтық міндеттемелерімізді орындау (мысалы, қолданыстағы заңдарға бағыну үшін деректеріңізді сақтау қажет болса), дауларды шешу және заңды келісімдеріміз бен саясаттарымызды орындау үшін қажет болатын шамада сақтаймыз және пайдаланамыз.It’s the Magic Number ‭

Сондай-ақ біз Пайдалану деректерін ішкі талдау мақсаттары үшін сақтаймыз. Пайдалану деректері Қызметіміздің қауіпсіздігін күшейту немесе жұмысын жақсарту мақсатында пайдаланылатын кездерді немесе бұл деректерді заң бойынша сақтауға міндетті болатын жағдайларды санамағанда, әдетте бұл деректер қысқарақ мерзім бойы сақталады.

Деректерді тасымалдау

Сіздің ақпаратыңыз, соның ішінде жеке деректеріңіз сіздің штатыңыздан, провинцияңыздан, еліңізден немесе тағы басқа мемлекеттік юрисдикцияңыздан тыс жерлерде орналасқан компьютерлерге тасымалданып, сонда сақталуы мүмкін, онда деректерді қорғау заңдары сіздің юрисдикцияңыздағы деректерді қорғау заңдарынан өзгеше болуы мүмкін.

Егер сіз Еуропалық Одақтан (ЕО) тыс жерде тұратын болсаңыз және бізге ақпарат беруді таңдасаңыз, біз деректерді, соның ішінде жеке деректерді ЕО-ға тасымалдайтынымызды және оларды сонда өңдейтінімізді ескеріңіз.

Егер осы Құпиялық саясатына келісіп, содан кейін осындай ақпаратты жіберсеңіз, бұл осындай тасымалға келіскеніңізді білдіретін болады.

Біз сіздің деректеріңіздің қауіпсіз түрде және осы Құпиялық саясатына сәйкес өңделуін қамтамасыз ету үшін барлық қисынды және қажетті қадамды жүзеге асырамыз және тиісті бақылау шаралары, соның ішінде деректеріңіз бен басқа да жеке ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шаралар қабылданбайтын ұйымдарға не елдерге сіздің жеке деректеріңіз тасымалданбайды.

Деректерді ашу

Деректерді құқық қорғау органдарына ашу

Белгілі бір жағдайларда, егер заң бойынша немесе мемлекеттік органдардың (мысалы, соттың немесе мемлекеттік мекеменің) жарамды сұрауларына жауап ретінде солай істеу талап етілсе, бізден сіздің жеке деректеріңізді ашу талап етілуі мүмкін.

Құқықтық талаптар

Біз сіздің жеке деректеріңізді мұндай әрекет мына мақсаттар үшін қажет деген адал ниетпен аша аламыз:

  • Құқықтық міндеттемені орындау
  • Құқықтарымызды не меншігімізді қорғау 
  • Қызметке байланысты ықтимал заң бұзушылықтардың алдын алу немесе оларды тексеру
  • Қызмет пайдаланушыларының немесе жұртшылықтың жеке қауіпсіздігін қорғау
  • Құқықтық жауапкершіліктен қорғау

Деректердің қауіпсіздігі

Деректеріңіздің қауіпсіздігі біз үшін маңызды, бірақ интернет арқылы тасымалдаудың ешбір әдісінің немесе ешбір электрондық сақтау әдісінің 100% қауіпсіз емес екенін есте сақтаңыз. Сіздің жеке деректеріңізді қорғау үшін коммерциялық тұрғыдан барлық қисынды құралдарды пайдалануға тырысқанымызбен, біз олардың абсолютті қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.

Деректерді қорғау туралы жалпы ережелер (GDPR) аясында деректеріңіздің қорғанысына қатысты құқықтарыңыз

Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақтың (ЕЭА) тұрғыны болсаңыз, деректерді қорғауға қатысты белгілі бір құқықтарыңыз бар. Біз сізге жеке деректеріңіздің пайдаланылуын түзетуге, өзгертуге, жоюға немесе шектеуге мүмкіндік беру үшін барлық қисынды шараны қолдануға тырысамыз.

Бізде сіз туралы қандай жеке деректердің бар екені туралы білгіңіз келсе және олардың біздің жүйелерімізден жойылуын қаласаңыз, бізге хабарласыңыз.

Белгілі бір жағдайларда сізде деректерді қорғауға қатысты келесідей құқықтар болады:

Біздегі сіз туралы ақпаратқа қатынасу, оны жаңарту немесе жою құқығы. Мүмкін болған кездерде, тікелей есептік жазбаңыздың параметрлер бөлімінде жеке деректеріңізге қатынасуыңызға, оларды жаңартуыңызға немесе жоюды сұрауыңызға болады. Егер бұл әрекеттерді өзіңіз орындай алмасаңыз, көмек алу үшін бізге хабарласыңыз.

Деректерді түзету құқығы. Егер ақпаратыңыз нақты не толық болмаса, мұндай ақпаратты түзетуге құқылысыз.

Қарсылық білдіру құқығы. Жеке деректеріңізді өңдеуімізге қарсылық білдіруге құқылысыз.

Шектеу құқығы. Жеке ақпаратыңыздың өңделуін шектеуді сұрауға құқығыңыз бар.

Деректерді тасымалдау құқығы. Біздегі сіз туралы ақпараттың көшірмесін құрылымдалған, машинамен оқылатын және жалпылай пайдаланылатын пішімде беруді сұрауға құқылысыз.

Келісіміңізді қайтару құқығы. Сондай-ақ біз сіздің жеке ақпаратыңызды сіздің келісіміңіздің негізінде өңдеген кезде, келісіміңізді кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы боласыз.

Мұндай сұрауларға жауап бермес бұрын, сізден жеке басыңызды растауды сұрауымыз мүмкін екенін ескеріңіз.

Сіздің жеке деректеріңізді жинауымыз және пайдалануымыз жөнінде Деректерді қорғау органына шағымдануға құқылысыз. Толығырақ ақпарат алу үшін Еуропалық экономикалық аймақтағы (ЕЭА) деректерді қорғау жөніндегі жергілікті органға хабарласыңыз.

Қызмет провайдерлері

Қызметімізді жеңілдету үшін біз үшінші тараптық компаниялар мен жеке тұлғаларды жалдай аламыз («Қызмет провайдерлері»). Бұл Қызмет провайдерлері Қызметті біздің атымыздан ұсынады, Қызметке қатысты қызметтерді орындайды немесе Қызметіміздің қалай пайдаланылғанын талдауға көмектеседі.

Бұл үшінші тараптар сіздің жеке деректеріңізге біздің атымыздан, біздің нұсқауларымызға сәйкес және деректердің құпиялылығы туралы осы декларацияға сәйкес біздің бақылауымызда осы тапсырмаларды орындау үшін ғана қатынаса алады.

Деректерді ЕО-дан тыс алушыларға тасымалдау

Осы қызмет провайдерлерінің кейбірі жеке деректерді ЕО-дан тыс жерлерде өңдейді. Мұндай жағдайларда біз еуропалық заңнамаға сәйкес деректер қорғанысының тиісті деңгейін қамтамасыз етеміз (әдетте Еуропалық комиссия жариялаған ЕО стандартты келісімшарттық тармақтары арқылы).

Аналитикалық талдау

Қызметіміздің пайдаланылуын бақылау және талдау үшін біз үшінші тараптық қызмет провайдерлерін пайдалана аламыз.

Google Analytics

Google Analytics — Google ұсынатын және веб-сайт трафигін бақылап, есеп беруге арналған веб-сараптама қызметі. Google жиналған деректерді Қызметіміздің пайдаланылуын қадағалау және бақылау үшін пайдаланады. Бұл деректер басқа Google қызметтерімен ортақ пайдаланылады. Google жиналған деректерді өзінің жарнамалық желісіндегі жарнамаларды мәнмәтіндендіру және дербестендіру үшін пайдалана алады.

Google Analytics қызметінен бас тартуға арналған браузер қондырмасын орнату арқылы Қызметтегі әрекеттеріңіздің Google Analytics қызметіне қолжетімді етуден бас тартуыңызға болады. Қондырма Google Analytics JavaScript (ga.js, analytics.js және dc.js) веб-сайтқа кіру әрекеттері туралы ақпаратты Google Analytics қызметімен бөлісуге жол бермейді.

Google құпиялық тәжірибелері туралы толығырақ ақпарат алғыңыз келсе, Google Құпиялық шарттары веб-бетіне кіріңіз: https://policies.google.com/privacy?hl=en

Басқа сайттарға жасалған сілтемелер

Біздің Қызметімізде біз басқармайтын басқа сайттарға жасалған сілтемелер болуы мүмкін. Егер сіз үшінші тарап сілтемесін бассаңыз, сол үшінші тараптың сайтына бағытталасыз. Біз сізге өзіңіз кірген әрбір сайттың Құпиялық саясатын қарап шығуға кеңес береміз.

Біз үшінші тараптық сайттар мен қызметтердің мазмұнын, құпиялық саясатын немесе тәжірибелерін бақылай алмаймыз және олар үшін жауапкершілік көтермейміз.

Балалар құпиялығы

Балалар үшін онлайн қауіпсіздік

Біз балалардың желіде қауіпсіз болуын қамтамасыз етеміз, сондықтан жас FAST суперқаһармандары біздің онлайн арналарымызды пайдаланған кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құпиялық бойынша қосымша процестер орындалады. Біз, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді ата-анасының келісімінсіз пайдаланатын балалардың жеке ақпаратын біле тұра жинамауға, сақтамауға, пайдаланбауға немесе өңдемеуге тырысамыз.

Біз, сондай-ақ 13 және 18 жас аралығындағы балаларға қатысты барлық тиісті заңдарды ұстанамыз және біз 16 жастан кіші кез келген адамды бала деп санаймыз.

Балалардың жеке ақпаратын өңдеген кезде олардың құпиялығын қорғау үшін қосымша қадамдарды жүзеге асырамыз:

Біз ата-аналарға олардың баласы туралы қандай жеке ақпаратты жинайтынымызды, сақтайтынымызды, пайдаланатынымызды және өңдейтінімізді айтып, бұл ақпаратты бөлісіп-бөліспейтінімізді түсіндіреміз;

Біз бала туралы ақпаратты жинауға, пайдалануға және өңдеуге ата-ананың келісімін алу және өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы ақпаратты балаға жеткізуге келісім алу арқылы заңды талаптарды орындаймыз;

Біз балалардың жеке ақпаратын жинауды, сақтауды, пайдалануды және өңдеуді шектейміз, осылайша онлайн әрекетке қатысу үшін негізді түрде талап етілетін ақпарат қана жиналады;

Біз ата-аналарға балаларынан жинайтын жеке ақпаратқа қатынасуына рұқсат береміз. Ата-аналар да балаларының жеке ақпаратын өзгертуді немесе жоюды сұрай алады.

Ата-ана немесе қамқоршы тарапынан тіркелу

Балалар веб-сайтта өз-өздерін тіркей алмайды. Тіркеуді ата-ана немесе қамқоршы орындауы керек. Егер қандай да бір баланың жеке ақпаратын жинау қажет болса, ақпарат заңнамаға сәйкес ата-ана келісімін беретін ата-ана немесе қамқоршы тарапынан қамтамасыз етілуі керек. Келісімнің қате берілмегеніне көз жеткізу үшін біз тиісті ата-анаға немесе қамқоршыға қандай ақпаратты жинайтынымызды және оны қалай пайдаланатынымызды түсіндіретін электрондық хат жібереміз. Егер ата-аналар келісім бергісі келмесе немесе одан бас тартса, олар бізге admin@fastheroes112.com мекенжайы бойынша электрондық пошта хатын жіберу арқылы ол ақпаратты жоюды сұрай алады, біз баладан жинаған барлық ақпаратты, соның ішінде ересектердің мақұлдау үшін сұралған байланыс ақпаратын өшіреміз.

Ата-аналар үшін таңдау және бақылау опциялары

Ата-аналар немесе қамқоршылар өз балалары туралы кез келген басқа жеке ақпаратты пайдалануымызға және жинауымызға кез келген уақытта тыйым сала алады. Ата-аналар немесе қамқоршылар бізден олардың балаларының есептік жазбасына байланысты жинаған жеке ақпаратты жазбаларымыздан жоюды сұрай алады. 

Балалардың жеке ақпаратын жинау және пайдалану

Балалардан деректерді қай кездерде жинайтынымыздың кейбір мысалдары:

Отбасылар онлайн тіркелген кезде.

Біз өз веб-сайттарымызда мазмұн, ойындар және жарыстар сияқты әртүрлі қызметтерді ұсына аламыз. Отбасылардан жеке ақпаратты беру сұралады. 16 жасқа толмаған балалардың жеке деректері тек шектеулі көлемде және тек заңмен рұқсат етілген шамада немесе ата-аналардың келісімімен жазылады. Мысалы, жоғарыда аталған шарттарда, ата-ана баланың атымен пайдаланушы профилін жасап, сол профильді баланың мектебімен және класымен байланыстыра алады. Бұл балалардың бағдарламаға өз мектептерінің не кластарының атынан қатыса алуы үшін орындалады. Біз ата-аналарға өз балалары үшін ешқандай жеке ақпаратты қамтымайтын бүркеншік ат жасауға қатаң кеңес береміз.

Біз қандай да бір баланың жеке ақпаратын жинаған кезде, ақпарат тек қызметті қамтамасыз ету үшін қажет болатын не заң бойынша талап етілетін мерзім бойы сақталады.

Мектеп/ұйым арқылы қатысу

Егер бала науқанға өзінің мектебі немесе қандай да бір басқа ұйым арқылы қатысса, барлық жоспарланған іс-шаралардың толықтай жүзеге асырылуы үшін мұғалім/елші онлайн бағдарламадағы баланың атын/бүркеншік атын, тіркеу күйін және үлгерімін көре алады. Баланың басқа жеке ақпараты бөлісілмейді. 

Осы Құпиялық саясатына өзгертулер енгізу

Біз Құпиялық саясатын ауық-ауық жаңартып тұра аламыз. Сізді осы бетте жаңа Құпиялық саясатын жариялау арқылы хабарландырамыз.

Өзгеріс күшіне енгенге дейін және осы Құпиялық саясатының жоғарғы жағындағы «күшіне ену күнін» жаңартқанға дейін біз сізге электрондық пошта және/немесе Қызметіміз туралы көрнекті хабарлама арқылы хабарлаймыз.

Сізге осы Құпиялық саясатын ауық-ауық өзгерістерге тексеріп тұру ұсынылады. Бұл Құпиялық саясатына енгізілген өзгертулер осы бетте жарияланған сәтте күшіне енеді.

Бізбен байланысыңыз

Егер осы Құпиялық саясаты туралы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз:

  • Электрондық пошта: info@fastheroes112.com
X
АҚПАРАТ

СУПЕРҚАҺАРМАНДАРМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

НАУҚАН ӘРЕКЕТТЕ 

ҚАУЫМДАСТЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
<
ТАУАР САТЫП АЛЫНДЫ!
МОНЕТАЛАР ЖЕТПЕЙДІ!
АЛМАЗДАР ЖЕТКІЛІКСІЗ!
Powered by Translations.com GlobalLink OneLink Software