Шарттар мен талаптар

Соңғы рет жаңартылды: 1 желтоқсан, 2020

Осы Шарттар мен талаптар («Шарттар», «Шарттар мен талаптар») Македония университетінің («Университет», «біз») Білім және әлеуметтік саясат бөлімі тарапынан басқарылатын http://www.fastheroes.com веб-сайты («Қызмет») мен сіздің араңыздағы қарым-қатынасты реттейді. Университеттің мекенжайы: 156 Egnatia Str., P.C.54636, Thessaloniki, Грекия.

Қызметті пайдаланбас бұрын осы Шарттар мен талаптарды мұқият оқып шығыңыз.

Қызметке қатынасып, оны пайдалану үшін осы Шарттарды қабылдап, оларға бағынуыңыз керек. Бұл Шарттар Қызметке қатынасатын немесе оларды пайдаланатын барлық кірушілерге, пайдаланушыларға және тағы басқаларға қолданылады.

Қызметке қатынасу немесе оны пайдалану арқылы сіз осы Шарттарға бағынуға келісесіз. Егер Шарттардың қандай да бір бөлігімен келіспесеңіз, Қызметке қатынаса алмайсыз.

Веб-сайттың контенті

Веб-сайт және оның контенті, негізінен оның ақпараты мен анимациялары, бірақ олармен шектелмей, тиісті медициналық кеңесті алмастырмайды және алмастыруға арналмаған. Денсаулыққа қатысты қандай да бір мәселе болса, тиісті лицензиясы бар дәрігердің кеңесіне жүгіну керек. Университеттің контентті жаңартып, мүмкіндігінше дәл ұстауға тырысқанына қарамастан, ол контенттің жарамдылығына ешқандай кепілдік бермейді.

Сатып алу

Қызмет арқылы қолжетімді болған қандай да бір өнімді немесе қызметті сатып алғыңыз келсе («Сатып алу»), сізден Сатып алуға қатысты белгілі бір ақпарат, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, несиелік картаңыздың нөмірі, несиелік картаңыздың жарамдылық мерзімі, төлем мекенжайыңыз және жөнелту ақпаратыңыз сұралуы мүмкін.

Сіз келесілерді мәлімдейсіз және оларға кепілдік бересіз: (i) кез келген Сатып алу процесінде кез келген несие картасын (карталарын) немесе басқа да төлем әдісін (әдістерін) пайдалануға заңды құқығыңыз бар; және (ii) бізге берген ақпаратыңыз шын, дұрыс және толық болып табылады.

Мұндай ақпаратты жіберу арқылы сіз Сатып алу процесін аяқтауды жеңілдету мақсатында сіз бізге ақпаратты үшінші тұлғаларға беру құқығын бересіз.

Біз төменде көрсетілген, бірақ олармен шектелмейтін белгілі бір себептермен кез келген уақытта сіздің тапсырысыңыздан бас тарту немесе оларды жою құқығын сақтаймыз: өнімнің немесе қызметтің қолжетімді болмауы, өнімнің немесе қызметтің сипаттамасындағы немесе бағасындағы қателер, тапсырысыңыздағы қате немесе тағы басқа себептер.

Алаяқтық немесе рұқсат етілмеген не заңсыз транзакция күдігі туындаса, сіздің тапсырысыңыздан бас тарту немесе оны жою құқығын сақтаймыз.

Қолжетімділік, қателер және дәлсіздіктер

Біз Қызметтегі өнім ұсыныстарын, ақпаратты және қызметтерді үнемі жаңартып отырамыз. Қызметімізде қолжетімді болған өнімдер немесе қызметтер дұрыс бағаланбауы, дұрыс сипатталмауы немесе қолжетімсіз болуы мүмкін және Қызметтегі және тағы басқа веб-сайттарда орналастырылған жарнамамыздағы ақпарат кеш жаңартылуы мүмкін.

Біз бағалар, өнім кескіндері, техникалық сипаттамалар, қолжетімділік және қызметтерді қоса алғанда, қандай да бір ақпараттың дәлдігіне немесе толықтығына кепілдік бере алмаймыз және бермейміз. Біз кез келген уақытта алдын ала ескертусіз ақпаратты өзгерту немесе жаңарту және қателерді, дәлсіздіктерді не олқылықтарды түзету құқығын сақтаймыз.

Сайыстар, ұтыс ойындары және акциялар

Қызмет арқылы қолжетімді болған сайыстар, ұтыс ойындары немесе акциялар (бәрі бірге — «Акциялар») осы Шарттардан бөлек ережелермен реттелуі мүмкін. Егер сіз қандай да бір Акцияға қатыссаңыз, қолданыстағы ережелерді, сондай-ақ біздің Құпиялық саясатымызды қарап шығыңыз. Егер Акция ережелері осы Шарттарға қайшы келсе, Акция ережелері қолданылады.

Контент

Біздің Қызметіміз сізге белгілі бір ақпаратты, мәтінді, графиканы, фотосуреттерді, бейнероликтерді немесе басқа да материалдарды («Контент») жариялауға, олардың сілтемесін жасауға, оларды сақтауға, бөлісуге және тағы басқа жолдармен басқаларға қолжетімді етуге рұқсат беруі мүмкін. Сіз Қызметте жариялаған Контентке, соның ішінде оның заңдылығына, сенімділігіне және сәйкестігіне жауаптысыз.

Контентті Қызметте жариялау арқылы сіз бізге осындай Контентті Қызметте және Қызмет арқылы пайдалануға, өзгертуге, көпшілік алдында орындауға, көпшілікке көрсетуге, көбейтуге және таратуға құқық пен лицензия бересіз. Сіз Қызметте немесе Қызмет арқылы жіберген, жариялаған немесе көрсеткен кез келген Контентке қатысты кез келген және барлық құқықтарыңызды сақтайсыз және сол құқықтарды қорғауға өзіңіз жауапты боласыз. Сіз осы лицензияның, бізге Контентіңізді осы Шарттарға сәйкес Контентіңізді пайдалана алатын басқа Қызмет пайдаланушыларына қолжетімді ету құқығын беруді қамтитынымен келісесіз.

Сіз келесілерді мәлімдейсіз және оларға кепілдік бересіз: (i) Контент сізге тиесілі болып табылады (сіз иесісіз) немесе осы Шарттарда көрсетілгендей оны пайдалану және бізге құқықтар мен лицензия беруге құқылысыз, және (ii) Контентіңізді Қызметте не Қызмет арқылы жариялау ешбір адамның құпиялық құқықтарын, қоғамдық пайдалану құқықтарын, авторлық құқықтарын, келісімшарт құқықтарын немесе тағы басқа құқықтарын бұзбайды.

Есептік жазбалар

Сіз біздің веб-сайтымызда есептік жазба жасағаннан кейін, бізге әрқашан нақты, толық және өзекті ақпаратты беруіңіз керек. Бұл талапты орындамау Шарттарды бұзу болып табылады, бұл біздің Қызметіміздегі есептік жазбаңызды дереу тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Сіз Қызметке кіру үшін пайдаланатын құпия сөзді қорғауға және біздің Қызметімізде немесе үшінші тарап қызметінде болса да, құпия сөзіңізбен кіру арқылы орындайтын барлық әрекетке өзіңіз жауапты боласыз.

Сіз құпия сөзіңізді үшінші тарапқа ашпауға келісесіз. Қауіпсіздіктің бұзылуы немесе тіркелгіңізді рұқсатсыз пайдалану туралы хабардар болған кезде бізге дереу хабарлауыңыз керек.

Бүркеншік ат ретінде басқа адамның не ұйымның атын немесе заң бойынша пайдалануға қолжетімді болмаған қандай да бір атты, өзіңізден басқа бір адамның не ұйымның меншігі болып табылатын қандай да бір атты немесе сауда белгісін рұқсатсыз пайдалануыңызға болмайды, сондай-ақ қорлаушы, өрескел не ұятсыз болып табылатын атауларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Басқа веб-сайттарға жасалған сілтемелер

Біздің Қызметімізде Университетке тиесілі болмаған немесе Университет бақыламайтын үшінші тараптық веб-сайттарға не қызметтерге сілтемелер жасалған болуы мүмкін.

Біз үшінші тараптық веб-сайттар мен қызметтердің контентін, құпиялық саясатын немесе тәжірибелерін бақылай алмаймыз және олар үшін жауапкершілік көтермейміз. Сонымен қатар сіз осындай веб-сайттар мен қызметтерде немесе олар арқылы қолжетімді болған кез келген осындай контентті, тауарларды немесе қызметтерді пайдалану немесе оларға сенім арту нәтижесінде туындаған немесе туындады деп болжанған залалдар не шығындар үшін біздің тікелей немесе жанама түрде жауапты болмайтынымызды мойындайсыз және оған келісесіз.

Біз сізге өзіңіз кіретін үшінші тараптық веб-сайттардың немесе қызметтердің шарттары мен талаптарын және құпиялық саясатын оқып шығуға кеңес береміз.

Тоқтату

Біз кез келген себеппен, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, егер Шарттарды бұзсаңыз, сізді алдын ала ескертусіз немесе ешбір жауапкершіліксіз сіздің есептік жазбаңызды дереу тоқтата не кідірте аламыз.

Тоқтатқаннан кейін, Қызметте пайдалану құқығыңыз да дереу тоқтайды. Егер есептік жазбаңызды тоқтатқыңыз келсе, жәй ғана Қызметті пайдаланбай қоюыңызға болады.

Жауапкершілік шектеуі

Ешбір жағдайда Университет, оның директорлары, қызметкерлері, серіктестері, қолдаушылары, агенттері, жеткізушілері немесе аффилирленген тұлғалары келесілердің нәтижесінде орын алған жанама, кездейсоқ, арнайы, салдарлық немесе айыппұлдық залалдар үшін, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, пайданың, деректердің, пайдалану мүмкіндігінің, іскери беделдің жоғалғаны үшін немесе басқа да материалдық емес шығындар үшін жауапты болмайды: (i) сіздің Қызметке қатынасуыңыз не оны пайдалануыңыз немесе Қызметке қатынаса не оны пайдалана алмауыңыз; (ii) Қызметтегі кез келген үшінші тараптың кез келген әрекеті немесе контенті; (iii) Қызметтен алынған кез келген контент; және (iv) кепілдікке, келісімшартқа, деликтке (соның ішінде немқұрайлылыққа) немесе кез келген басқа құқықтық теорияға негізделіп-негізделмегеніне және осындай залалдың ықтималдылығы туралы хабардар болып-болмағанымызға қарамастан және тіпті егер осы құжатта баяндалған құқықтық қорғаныс құралының жарамсыз екені анықталса да, жіберілімдеріңізге не контентіңізге рұқсатсыз қатынас жасалуы, олардың рұқсатсыз пайдаланылуы не өзгертілуі.

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме

Сіз Қызметті тек өз тәуекеліңізбен пайдаланасыз. Қызмет «СОЛ КҮЙІНДЕ» және «ҚОЛЖЕТІМДІ ШАМАДА» қамтамасыз етіледі. Қызмет ешбір тікелей не тұспалды кепілдіксіз, соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, саудаға жарамдылығы, белгілі бір мақсатқа сәйкестігі, құқықтарды бұзбайтыны немесе орындалу барысы туралы тұспалды кепілдіктерсіз қамтамасыз етіледі.

Университет және оның еншілес ұйымдары, филиалдары, серіктестері, қолдаушылары мен лицензиарлары мыналарға кепілдік бермейді: а) Қызметтің үздіксіз жұмыс істейтіні, қауіпсіз екенін немесе кез келген уақытта немесе жерде қолжетімді болатыны; ә) кез келген қатенің немесе ақаудың түзетілетіні; б) Қызметте вирустардың немесе басқа да зиянды компоненттердің жоқ екені; немесе в) Қызметті пайдалану нәтижелерінің сіздің талаптарыңызға сәйкес келетіні.

Реттеуші заң

Осы Шарттар заңдар қайшылығына қарамастан Грекияның Салоники қаласындағы құзыретті соттардың заңдарына сәйкес реттеледі және түсініледі.

Осы Шарттардың қандай да бір құқықтарын немесе ережелерін пайдаланбауымыз бұл құқықтардан бас тарту болып саналмайды. Егер осы Шарттардың қандай да бір ережесін сот жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп таныса, осы Шарттардың қалған ережелері өз күшін сақтай береді. Осы Шарттар Қызметімізге қатысты арамыздағы бүкіл келісімді құрайды және Қызметке қатысты арамызда болуы мүмкін бұрынғы келісімдерді ауыстырады.

Өзгертулер

Біз өз білгенімізше осы Шарттарды кез келген уақытта өзгерту немесе ауыстыру құқығын сақтаймыз. Егер өзгерту айтарлықтай маңызды болса, ол күшіне енбес бұрын сізге кемінде 30 күн бұрын ескертуге тырысамыз. Айтарлықтай маңызды өзгерістің нені екені біздің өз білгенімізше анықталады.

Осы өзгертулер күшіне енгеннен кейін біздің Қызметімізге қатынасуды немесе оны пайдалануды жалғастыра отырып, сіз өзгертілген шарттарға бағынуға келісесіз. Егер жаңа шарттарға келіспесеңіз, Қызметті пайдалануды тоқтатыңыз.

Бізбен байланысыңыз

Егер осы Шарттар туралы сұрақтарыңыз болса, бізбен байланысыңыз.

X
АҚПАРАТ

СУПЕРҚАҺАРМАНДАРМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

НАУҚАН ӘРЕКЕТТЕ 

ҚАУЫМДАСТЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
<
ТАУАР САТЫП АЛЫНДЫ!
МОНЕТАЛАР ЖЕТПЕЙДІ!
АЛМАЗДАР ЖЕТКІЛІКСІЗ!
Powered by Translations.com GlobalLink OneLink Software