Артқа
ЕУРОПА
Angels бастамасы суперқаһармандарды іздейді

СУПЕРҚАҺАРМАНДАРДЫ ЖИНАУ

Дүниежүзілік инсульт ұйымының мәліметі бойынша, біздің өмірімізде әрбір 4 адамнан 1-і инсульт алады. Дүниежүзілік инсульт ұйымы сонымен қатар инсультті емдеуге болатынын айтады. Көптеген елдерде бұл әлі іс жүзінде орындалып жатқан жоқ, өйткені инсульт алған науқастардың өте азы ғана дұрыс ем бере алатын ауруханаға келеді, тіпті келген кезде де инсультті жеңіп шығуға және аураханадан өз аяғымен шығуына көмектесетін емді өте кеш алады.

Соңғы үш жылда Angels бастамасы науқастардың лайықты емге қол жеткізе алуы үшін «инсульт алған науқастарды қабылдауға дайын ауруханалардың» көп болуын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасады. Біз сондай-ақ жедел жәрдем көліктерінің инсульт алған науқастарды сол ауруханаларға жеткізуін және олар жеткен кезде бұл ауруханалардың ең тиімді емді ұсынуын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істеп жатырмыз.

Науқастар жиі кездері өздерінің белгілерін жедел жәрдем шақыру үшін жеткілікті шамада ауыр деп санамайды және көптеген жағдайларда алдымен достарынан, отбасы мүшелерінен немесе жалпы тәжірибелік дәрігерлерден көмек сұрайды және жиі кездері жедел жәрдем шақыруға кеңес берілмейді.

Сондықтан екі мәселені шешуіміз керек:

  1. Инсульттің ең жиі кездесетін белгілерін тануды жақсарту
  2. Халыққа инсульттің төтенше жағдай екенін және егер бұл белгілер пайда болса, басқа жерден көмек сұрамай, жедел жәрдем шақыру керектігін үйрету.

Қандай жағдай болса да, мұны істеу оңай жұмыс емес. Бір сәтке инсульт алған науқастардың орташа жасы 70 жас екенін ескеріңіз. Бұл адамдар барлық уақытын әлеуметтік желіде немесе медициналық блогтарды оқуға жұмсамайды. Біз, сондай-ақ олардың бірінші реакциясы — көмек сұрау болғандықтан, оларға ғана білім берудің жеткілікті емес екенін білеміз, сондықтан олар бірінші кезекте өз достары мен отбасы мүшелеріне баратындықтан, сол достары мен отбасы мүшелеріне де инсульт болған жағдайда кімге хабарласу керектігі туралы білім таратуымыз қажет.

Бұл мәселені қалай шешуге болатындығын анықтап жатқанда, біз кейбір әлеуметтік-демографиялық мәліметтерді кездестірдік, бұл деректер біз білім беруге тырысып жатқан жас тобының 50%-на дейін, кемінде аптасына бірнеше рет немерелеріне қарап, олармен уақыт өткізетінін көрсетті. Бұл екі ата-ананың да жұмыс істеуіне немесе бір отбасында бірнеше ұрпақтың бірге тұруына байланысты болуы мүмкін. Бұл бізге идея берді.

Егер біз немерелерді өз ата-әжелері мен олардың достарына және отбасыларына білім беретін құрал ретінде пайдалансақ ше? Біз ата-әжелердің үйлеріне қарап, олардың қабырғаларында өте жиі кездері немерелерінің салған және бояған суреттерінің болатынын түсіндік. Бұл саусақпен салынған ең ұсқынсыз сурет болуы мүмкін, бірақ олар сезіммен байланысты болғандықтан қабырғада орын алады. Бұл бізді ойландырды, бәлкім, біз осыны пайдаланып, балаларды өз ата-әжесіне инсульт туралы үйрететін сыйлық сыйлауына көмектесе алатын шығармыз, ол қабырғадағы басқа суреттердің қатарында болған мерзім бойы, инсульт туралы есте сақтауға көмектесе береді.

Ата-аналарды межелеу оңайырақ болды, өйткені бізге тек ата-аналардың веб-сайтқа кіруі немесе балалардың мектепте үйренген нәрселерін үйге әкелуі арқылы отбасыларды тарту жолын табу керек болды.

Жақында Дүниежүзілік инсульт ұйымы қолдау көрсеткен «FAST суперқаһармандары» бағдарламасы Тромб қаскүнемді қалай жеңуге болатынын және өз суперқаһарманын құтқаруды үйрену арқылы FAST суперқаһарманына айналатын анимациялық басты кейіпкер Тёманың көмегімен білім беру бағдарламасын жүргізу арқылы осы мәселені шешуді көздейді.

Македония университетінің Білім беру және әлеуметтік саясат бөлімімен бірлесе жұмыс істеу арқылы әзірленген бұл бағдарлама 5-8 жастағы балалар оқитын мектептерге бағытталған науқан болып табылады және ол төрт суперқаһарманның көмегімен орындалатын бірқатар тапсырмалардан тұрады. 5 аптаға созылатын бұл тапсырмалар оларға инсульттің кейбір негізгі белгілерін тануға үйретеді және инсультке күдік туындаған жағдайда 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырудың маңыздылығын айтып жеткізуге тырысады.

Балаларға өздерінің суператалары мен суперәжелерінің кемінде екеуін оқыту миссиясы беріледі. 5 апта бойы апта сайын балалар өздерінің екі суперата мен суперәжесіне білім беруге арналған хабарлама картасын жекеше әзірлеп, оларды бағдарламаның соңында ата-әжелеріне жібереді. Суперата мен суперәже оларды алған кезде, оларды қабырғада немесе тоңазытқышта басқа суреттермен қатар қойғанын көрсететін суретті жіберу сұралады.

Отбасының қалған мүшелерін оқыту үшін балаларға жатын бөлмелері үшін постерлер және үйде ойнауға арналған маскалар беріледі.  Біз FAST суперқаһармандарының өз үйлерінде маңызды рөл атқаруын қалаймыз және ата-аналарды аптасына бір рет онлайн режимде бейнероликтерді көру, кейбір сұрақтарға жауап беру және балаларға өз миссиясын орындауға көмектесуін сұрап, көңіл көтеруге шақырамыз.

Бағдарлама Грекиядағы балабақшаларда пилоттық түрде қолданылды және біздің алғашқы қадамдарымыздың нәтижелері инсульт туралы білімін айтарлықтай жақсартқан көптеген бақытты балаларды, оларды мақтан тұтатын ата-әжелер мен ата-аналарды көрсетті.

Класта пайдалануға арналған ресурстар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және қысқаметражды фильмдердің анимациялары, кластағы іс-шаралар, FAST суперқаһармандарының әні және хабарламаны үйге жеткізу үшін үйге әкетілетін материалдар сияқты оқу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, бағдарлама отбасыларға отбасы ретінде бірге сапалы уақыт өткізуге көмектесетін екі жақты рөлге ие құралдармен қамтамасыз етеді және осылайша инсульт туралы білімді кездейсоқ оқыту арқылы таратады.

Бұл бағдарламаның басты тартымдылықтарының бірі — кез келген адамның қатыса алатыны. Мүмкін сіз инсульт алған науқастарды қабылдауға дайын ауруханада жұмыс істейтін дәрігер немесе медбике боларсыз және көбірек науқастардың емделу үшін уақытылы дұрыс ауруханаға баруы үшін қоғаммен байланысқыңыз келетін шығар. Сонымен қатар, сіз мектептермен жұмыс істеу тәжірибесі бар жедел жәрдем қызметкерін білуіңіз мүмкін немесе сізге біраз уақыт бөле алатын қандай да бір ата-ананы немесе тіпті инсультті өткерген және Инсульт алған науқастарға қолдау көрсететін қандай да бір ұйыммен байланысы болған және FAST суперқаһармандарының елшісі бола алатын біреуді тануыңыз мүмкін.

Бар болғаны www.fastheroes.com бетіндегі веб-сайтқа өтіп, өзіңізді FAST суперқаһармандарының елшісі ретінде тіркеуіңіз қажет. Команда сізге бағдарланы мектепте жүзеге асыруға қажет болатын материалдардың барлығын, соның ішінде класта қолданылатын материалдарды, ата-аналардың қатыса алуы үшін веб-сайтты, тіпті кейбір оқу материалдарын және сізге қажет болатын барлық қолдауды қамтамасыз етеді. Біз науқанды тек бір мектепте немесе бір күнде жүзеге асырғымыз келмейді, бұл олардың жыл сайынғы оқу жоспарының бір бөлігі болғанын қалаймыз, сондықтан біз сізге мерчандайзинг, қор жинау және т.б. арқылы науқанды қаржылық тұрғыдан қалай тұрақты етуге болатыны туралы идеяларды ұсынуға тырысамыз.

Бүгінгі таңда «FAST суперқаһармандары» бағдарламасының материалдары Ресей, Латвия, Словакия, Венгрия, Болгария, Грекия, Италия, Испания, Португалия, Германия, Бразилия, Канада, Исландия, Оңтүстік Африка, Сингапур және Тайвань елдері үшін жергіліктендірілген (жедел жәрдем нөмірі және тіл) және қолжетімді. Қызығушылық артқан сайын біз географиямызды кеңейтеміз деп үміттенеміз.

Біз Angels бастамасының адамдарға қолдарынан келетін нәрселерді қазір де, болашақта да жақсырақ істеуіне мүмкіндік беретініне сенеміз. Үйден денсаулық сақтау мекемесіне жеткенге дейінгі уақытты немесе компьютерлік томографияны оқу шеберлігіңізді жақсартуға көмектесетін құралдарды ұсынатынымыз сияқты, «FAST суперқаһармандары» науқаны да біздің қоғамда инсульт туралы хабардарлықты арттыру мәселесін шешуге арналған шешіміміз болып табылады.

Біз әр кез бір суператаны немесе суперәжені құтқарамыз — біз бірге әлемді өзгертеміз.

 

Келесі
Алдыңғы
X
АҚПАРАТ

СУПЕРҚАҺАРМАНДАРМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

НАУҚАН ӘРЕКЕТТЕ 

ҚАУЫМДАСТЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
<
ТАУАР САТЫП АЛЫНДЫ!
МОНЕТАЛАР ЖЕТПЕЙДІ!
АЛМАЗДАР ЖЕТКІЛІКСІЗ!
Powered by Translations.com GlobalLink OneLink Software