Артқа
Халықаралық инсульт журналы
Дүниежүзілік инсульт ұйымы (WSO) FAST суперқаһармандарын қолдайды

Инсульт белгілерін тану және емге жылдам қол жеткізу инсульт алған науқастардың өмірін сақтап қалу және жағдайларын жақсарту үшін өте маңызды. FAST хабарламасынан хабардар болу Дүниежүзілік инсульт науқанының және бүкіл әлемдегі Дүниежүзілік инсульт ұйымы мүшелерінің негізгі бағыты болып табылады. Бірақ бұл хабарламаның маңызды аудиториясы және дәстүрлі түрде хабардарлықты арттыру бағдарламаларына ешқашан қосылмайтын аудитория — балалар.

Балалардағы инсульттің таралуы ересектерге қарағанда әлдеқайда төмен болғанымен, әлем бойынша инсульт қаупі қазір 1/4-не тең, балаларды инсульттің қандай болатыны және төтенше жағдайда не істеу керектігі туралы негізгі біліммен жасақтау өмірді жақсарта алады.

Сондықтан жақында Дүниежүзілік инсульт ұйымы «FAST суперқаһармандары» бағдарламасын мақұлдады. Ол осы балабақша деңгейіндегі білім беру бастамасын сынақтан өткізумен және бағалаумен айналысып, дүние жүзіндегі қауымдастықтар үшін ресурстар мен іс-шараларды жергіліктендіруге көмектеседі.

«FAST суперқаһармандары» бағдарламасы Тромб қаскүнемді қалай жеңуге болатынын және өз өміріндегі суперқаһармандарын (суператасы мен суперәжесін) құтқаруды үйрену арқылы FAST суперқаһарманына айналатын анимациялық басты кейіпкер Тёманың көмегімен білім беру бағдарламасын жасады. Класта пайдалануға арналған ресурстар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және қысқаметражды фильмдердің анимациялары, кластағы іс-шаралар және хабарламаны үйге жеткізу үшін үйге әкетілетін материалдар сияқты оқу материалдарын қамтиды. Тіпті көбірек мектептер мен қауымдастықтарды қатыстырып, бағдарламаны ұзақ мерзімге тұрақты ету үшін оларға қаржы жинауға көмектесу идеялары бар.

Дүниежүзілік инсульт ұйымының президенті Майкл Брейнин серіктестік туралы былай деді: «Біз бұл бағдарламаны сынақтан өткізуге қуаныштымыз, ол өмірді сақтайтын ақпаратты беріп қана қоймайды, сонымен қатар қауымдастықтың инсульт пен FAST жайлы хабардар болуын қолдау үшін балалармен қалай жақсы жұмыс істеу керектігін түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз».

Ян Ван Дер Мерве, «FAST суперқаһармандары» бағдарламасын қолдайтын Еуропадағы Angels бастамасы жобасының жетекшісі былай деп сөз қозғады: «Angels бастамасын бастатқаннан бері біз қандай да бір жолмен шешуді қажет ететін екі үлкен мәселе бар екенін түсіндік. Оның біріншісі — науқастар емделуге кеш келеді. Бұл қате диагноз себебінен немесе инсульт белгілерін ауруханаға баруды талап ететіндей маңызды емес деп көру себебінен болуы мүмкін. Екінші үлкен мәселе — тым көп науқастар «Инсульт алған науқастарды қабылдауға дайын» емес ауруханаларға барады. Бұл қателер жиі кездері инсульттан кейін кері әсердің туындауына әкеледі. Осы мәселелердің бірін шешуге көмектесу үшін Angels бастамасы Македония Университетінің Білім беру және әлеуметтік саясат бөліміне «FAST суперқаһарманы» бағдарламасын әзірлеуге қолдау көрсетті.

Инсульт адамдардың өмірлерін ұрлайды және балалар мен олардың отбасыларын тарту арқылы біз инсульт болған кезде олардың барынша дайын болулары үшін бірдеңе жасай аламыз. Бұл өмір мен өлім арасындағы ғана емес, сонымен қатар «біз білетін өмір» мен біржола мүгедектікпен сүрілетін өмір арасындағы айырмашылық болуы мүмкін».

Пилоттық «FAST суперқаһарманы» бағдарламалары Бразилия, Сингапур және Оңтүстік Африка сияқты бірқатар елдерде Дүниежүзілік инсульт ұйымы мүшелерімен бірлесе жұмыс істеу арқылы жүзеге асырылады. Дүниежүзілік инсульт ұйымының «FAST суперқаһармандары» бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат алу үшін, campaigns@world-stroke.org мекенжайы арқылы хабарласуыңызға болады.

Келесі
Алдыңғы
X
АҚПАРАТ

СУПЕРҚАҺАРМАНДАРМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

НАУҚАН ӘРЕКЕТТЕ 

ҚАУЫМДАСТЫҚ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
<
ТАУАР САТЫП АЛЫНДЫ!
МОНЕТАЛАР ЖЕТПЕЙДІ!
АЛМАЗДАР ЖЕТКІЛІКСІЗ!
Powered by Translations.com GlobalLink OneLink Software